Kaspersky Security Center құрамдастарының оқиғалары

Kaspersky Security Center әрбір құрамдасының өзіндік оқиғалар түрлерінің жиынтығы бар. Бұл бөлімде, Kaspersky Security Center Басқару серверінде, Желілік агентте, iOS MDM серверінде және Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверінде орын алатын оқиғалар түрлері атап көрсетілген. "Лаборатория Касперского" бағдарламаларында орын алатын оқиғалар түрлері бұл бөлімде атап көрсетілмеген.

Бағдарлама жасай алатын әрбір оқиға үшін, бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаны конфигурациялау қойындысында хабарландыру параметрлерін және сақтау параметрлерін көрсетуге болады. Басқару сервері үшін, Басқару серверінің сипаттарындағы оқиғалар тізімін қосымша түрде қарап шығуға және конфигурациялауға болады. Барлық оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерін бірден конфигурациялау қажет болса, Басқару сервері сипаттарында жалпы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз.

Бұл бөлімде:

Оқиға түрі сипаттамасы деректерінің құрылымы

Басқару сервері оқиғалары

Желілік агент оқиғалары

iOS MDM сервері оқиғалары

Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверінің оқиғалары

Басына оралу